From Wikipedia, the free encyclopedia
Хризотил-асбест (фек. hrisos - алтын, tilos — талшық) — серпентиннің талшықты түрі. Оның агрегаттары серпентин массасының ішінде қабырғаларына тік орналасқан талшықтан тұратын желілер болып келеді. Талшықтардың ұзындығы мм-дің оннан бір бөлігінен 20- 25 мм, кейде 50 мм, өте сирек 160 мм-ге дейін жетеді. Түсі — жасыл сары, кейде ақ, қоңыр, жылтырлығы жібектей, қаттылығы — 2-3. Жіңішке, берік және майысқақ талшықтарға оңай бөлінеді. Талшықтардың қалындығы — 0,0001 мм, одан да жұқа болады. Отқа және сілтілерге төзімді, жылу, электр тоғын және дыбысты нашар өткізеді. Хризотил-асбест ульфанегізді таужыныстардың гидротермалық өзгеруінен қалыптасады. Кендері Канадада, Кипрде, Африкада, Қазақстанда (Жітіқара) белгілі. Хризотил-асбест от пен ыстыққа төзімді бұйымдар, маталар, құрылыс материалдарын, қағаз, резеңке, электртехника бұйымдарын жасауда әскери және ғарыштық техникада қолданылады.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.