Цилиндр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Цилиндр (көне грекше: κύλινδρος — білік, цилиндр)[1]
- цилиндр немесе цилиндрлік бет — берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны;
- тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене . Егер Цилиндрдің табандары оның жасаушыларына перпендикуляр болса, онда ол тік Цилиндр деп аталады. Табандары дөңгелек болып келген тік Цилиндрді тік дөңгелек Цилиндр не дөңгелек Цилиндр деп атайды . Мұндай Цилиндрдің көлемі V=πr2h-қа, ал бүйір беті S=2πrh-қа тең, мұндағы r — Цилиндр табанының радиусы, h — Цилиндр биіктігі. Цилиндрдің табанына параллель емес жазықтықпен қиылған бөлігін қиылған Цилиндр деп атайды . Қиылған дөңгелек Цилиндрдің көлемі ,
h1, h2 — Цилиндрдің ең үлкен және ең кіші жасаушыларының кесіндісі.