From Wikipedia, the free encyclopedia
ЧАД (Chad) — Орталық Африкадағы тұйық көл. Нигерия, Нигер, Чад, Камерун жерінде.
Ұзындығы 270 км, ені 150 км. Климат ылғалдылығы жоғары кезінде (бұдан 5 — 6 мың жыл бұрын) көл ауданы 400 мың км²-ге жеткен, қазіргі ауданы 10 мың км²-ден (маусым — шілдеде) 26 мың км²-ге дейін ауытқып отырады. Тереңдігі 4 — 11 м. Көл айдыны 240 м биіктіктегі жайпақ қазаншұңқырда орналасқан. Батыс және оңтүстік жағалауы жазық әрі батпақты; солтүстік-шығыс және шығыс жағасы күшті тілімденген, көптеген аралдары бар. Көлге Шари және Комадугу-Йобе өзендері құяды. Өзендермен жалғасқан жерлерінің суы тұщы, қалған бөлігі тұзды. Чад көлінің суы жақын маңдағы ауданның грунт суын толықтырып, үнемі жаңарып тұрады. Жануарлардан бегемот, қолтырауын, қаз, үйрек, көкқұтан, т.б. мекендейді. Балық ауланады. Шари және Комадугу-Йобе өзендері аралығында кеме қатынайды.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.