Чан Кайши
Қытайлық саясаткер және әскери көсем (1887–1975) / From Wikipedia, the free encyclopedia
Чан Кайши (ағылш. Chiang Kai-shek, қыт. 蔣介石, пиньинь Jiǎng Jièshí; 31 қазан 1887, Джыджиян провинциясы, Фынхуа ауд. — 5 сәуір 1975, Тайбэй ) — Қытайдың саяси қайраткері, генералиссимус. Жас кезінде әскери білім алған. Жапонияның әскери уч-щесінде (1907 — 08) оқып, жапон армиясында (1909 — 11) қызмет етті. 1908 ж. “Қытай революцияшыларының біртұтас одағына” мүше болды. 1911 ж. Жапониядан еліне оралып, Синьхай революциясына қатысты. 1912 ж. Гоминьдан партиясын құруға ат салысты. Сун Ятсенмен тығыз байланыста болып, оның саяси бағытын қолдады. 1923 ж. Сун Ятсен оны Кеңес Одағының саяси-әскери жүйесін үйренуге жіберді. 1924 ж. еліне оралғаннан кейін Гуанчжоу қ-ндағы Хуанпу әскери уч-щесінің директоры және Гуандун армиясының бас штаб бастығы, ал 1925 ж. Ұлттық рев. армияның бас қолбасшысы болды. Солт. өлкелерде билік құрған әскерилерді жеңіп, 1927 ж. тамызда гоминьдандық Нанкин үкіметін құрды. 1928 ж. Әскери кеңестің төрағасы, Орт. саяси конгрестің төрағасы, Ұлттық үкіметтің төрағасы міндеттерін қоса атқарды. Осыдан кейін елде басқа саяси партияларға, ең алдымен, коммунистерге қарсы жаппай жазалау шаралары күшейді. Ч. К. бірқатар реформалар жүргізіп, әлеум. дамуды ілгерілетті. Сонымен қатар кейбір әскерилерді өзіне қарсы қойып алды, соның салдарынан билігі әлсіреп, агр. реформасы сәтсіздікке ұшырады. Елде азамат соғысы басталды. Осыны пайдаланған Жапония 1931 ж. Солт.-Шығыс Қытайды, 1933 — 35 ж. Солт. Қытайды басып алды. Ч. К. халықтың қысымымен азамат соғысын тоқтатып, коммунистермен уақытша бітім жасады және жапон басқыншыларына қарсы (1936 — 45) соғысқа қатысты. 1945 ж. тамызда Қытай жапон басқыншыларынан азат етілді. 1946 ж. Гоминьдан үкіметі мен коммунистер арасында азамат соғысы қайта басталды. 1947 ж. Қы-тай Республикасының конституциясы қабылданып, ұлттық парламент Ч. К-ді президент етіп сайлады. Бірақ елдегі азамат соғысында жеңіліске ұшыраған ол 1949 ж. қаңтарда отставкаға кетті. 1949 ж. 1 қазанда коммунистер жеңіске жетіп, Қытай Халық Республикасы құрылды да, Ч. К. отбасымен және жақтастарымен Тайвань аралына көшті. 1950 ж. наурызда Ол Тайваньдағы Қытай Республикасының президенті болып, бұл орынға 1954, 1960, 1966, 1972 ж. үздіксіз қайта сайланды. Тайваньдағы Ч. К. өкіметі батыстық үлгіде билік құрды. 1950 ж. АҚШ-пен “ортақ қорғану келісіміне” қол қойды, аралға АҚШ-тың 7-флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. АҚШ пен Батыс елдерінің арқасында Тайвань 1971 жылға дейін Қытайдың заңды үкіметі ретінде БҰҰ-да өз өкілдігін сақтады. Ол билік басында болған жылдары ел экономикасы нарықтық қатынастарға көшірілді де ҚХР-ға қарағанда қарқынды дами бастады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Чан Кайши | |
Марапаттары | Order of National Glory, Order of Blue Sky and White Sun, 1st class Order of the Sacred Tripod, Legion of Merit |
---|---|
өңдеу |