Чахохбили
From Wikipedia, the free encyclopedia
Чахохбили — қой етінен немесе үй құстары етінен дайындалған Грузияның етті-көкөністі тағамы.
Майлы етті гуляш тәрізді туралап дайындайды. Ерекшелігі етті майсыз қазанда 15 мин-тай қуырады. Содан кейін үстіне көкөністер салып, су құймай қайнатады. Сондықтан бұл тағамға ылғалы мол көкөністер қосу керек. Қызанақты шарпытып қабығын аршып салса, ал пиязды жеке ыдыста майға қуырып салады. Бұқтыру жарым сағаттай жүргізіледі. Чахохбили дайын болар алдында қызыл бұрыш, насыбайгүл (базилик), күнзе, сарымсақ салынады. Бұдан басқа да татымдықтар салынуы мүмкін. Чахохбилиге қызанақтан басқа қуырылған картоп салуға да болады.[1]