Шабанбай Қалқаманұлы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шабанбай Қалқаманұлы (1754, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы — 1839, сонда) — би, Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.[1]
Қаракесектің немересі Майқы, Майқының немересі Өтеміс. Шабанбай сол Өтемістің немерелерінің бірі Қалқаманның баласы. Замандастарының бағалауынша Шабанбай аса қарапайым, мейірімді адам болған. Зерек, зерделі, көкірегі қазына, ақылға бай, ойы терең, толғауы кең, топшылауы жүйрік, алғыр да тапқыр әділ би атанған. Зираты қазіргі Шет ауданының Кеншоқы өңірінде (қазірігі Нұра), Ақтоғай — Қарағанды тас жолының 103 км тұсында, өзен жағасында орналасқан. Ақтоғай ауданында Шабанбай би ауылы бар. Ата-тегі Арғын - Қаракесек, одан берегіректе Майқы, оның бір немересі Өтеміс, Өтемістен бірер атадан соң Шабанбайдың әкесі Қалқаман ұрпақтары таралады.
Шабандай би Сарыарқаның Қараменде (1707-1797), Сеңкібай (1709-1786), Жидебай (1726-1826), Боранбай (1709-1801), Жанғұтты (1810-1873) сияқты атақты айтулы би-шешендерімен замандас, қатарлас, пікірлес, қызметтес, ағайын-жекжат боп араласып жүрген.
Ел жадында Шабанбай би айтыпты дейтін жүйелі шешендік билік сөздер көп. Соның бірсыпырасын 1993 жылдың жаз айында Сеңкібай бидің Қарқаралы ауданында өткен ұлан-асыр асында кездескен ақсақалдар айтқан деректердің кейбіреуіне келейік: