Шамшатыр тұқымдасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұқымдаста 900 түр бар (8-9 туыс). Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар.
Олар жер бетінің, негізінен қоңыржай климатты және субтропикалық елдерінде, кеңінен таралған. Жапырақтарының түсіп отыртын, қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтары тұтас немесе қауырсынды қалақты және кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар түзеді. Кейде дихазиялары бір гүл қалғанға дейін редукцияға үшырайды. Аналық гүлді плюска қоршап тұрады. Гүлсерігі 6-мүшелі, бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы, соған сәйкес аналықтың мойныда (столбик) сонша болады, гүлтүйіні төменгі. Атальпс, гүддің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді және әртүрлі түске- сарыға, қоңыр-қызылға, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны не 3+3, не болмаса 5—7, аталықтарьшың саны гүлсеріктерінің санымен бірдей (кейде көптеу) болады.