From Wikipedia, the free encyclopedia
Шамәлі Тынық (укр. Сі́верський Доне́ць, орыс. Северский Донец, Птолемейде Танаид, Танаис, Геродотта Сиргис)- РКФСР-дің Белгород және Ростов, УССР-дің Харьков, Донецк және Варашиловград облыстары жеріндегі өзен, Донның оң саласы. Ұзындығы 1053 км, алабы 98,9 мың км². Жоғарғы ағысы бөгеттер және бөгендермен реттелген, төменірек кең аңғармен ағады. Донец маңында өзен тар аңғармен өтеді. Ірі салалары: Оскол, Айдар, Калитва. Негізінен қар суымен қоректенеді. Суы наурыз- сәуір айларында тасиды. Орташа су шығыны 160м³/сек. Желтоқсан айында қатып, наурыз айында мұзы кете бастайды. Донецк қаласына дейін (222 км) кеме жүзеді. Волга-Дон қаласының салынуына байланысты атырауында Усть- Донецк порты салынған. Өзеннен Северский Донец – Донбасс каналы басталады. Жағасында Белгород, Чугуев, Изюм, Лисичанск, Счастье, Донецк, Каменск-Шахтинский, Ақ Калитва қалалары орналасқан. [1]
Шамәлі Тынық | |
---|---|
укр. Сі́верський Доне́ць | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 1053 км |
Су алабының ауданы |
98 900 км² |
Су алабы | Дон → Азов теңізі |
Су шығыны | 159 м³/с |
Бастауы | |
• Орналасқан жері | Подольхи а. |
• Биіктігі | 220-240 м |
• Координаттары | 50°58′18″ с. е. 36°54′00″ ш. б.50.97167° с. е. 36.90000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Дон |
• Орналасқан жері | Усть-Донецк к. |
• Биіктігі | 4,5 м |
• Координаттары | 47°36′02″ с. е. 40°53′50″ ш. б.47.60056° с. е. 40.89722° ш. б. (G) (O) (Я) |
Еңістігі | 0,18 м/км |
Орналасуы | |
Ел | Ресей Украина |
Ортаққордағы санаты: Шамәлі Тынық |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.