Шанақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шанақ - арнайы жабдықтауды немесе жүктерді жолаушыларды, жүргізушіні орналастыратын автомобиль бөлігі.[1]
- Жүктемелетін шынақ - барлық тораптар мен агрегаттар бекітілетін жүйе қызметін атқаратын шанақ.
- Бір көлемді шынақ - жолаушылар бөлімі мен двигатель және багаж бөлімі тұтас шанақ,
- Ашық шынақ - жинастырылатын жұмсақ тентті немесе алынатын қатты қақпақты шанақ.
- Жартылай жүктемелетін шынақ - рамамен берік қосылған және онымен бірге жүкті көтеретін шанақ.
- Рамалы шынақ - рамамен жұмсақ қосылған шанақ, рессорға әсер ететін статикалық жүкті рама көтереді.
- Ауыстырылатын шынақ - арнайы шанақ, жүкті автокөліктің шасси жеріне жедел ауыстыруға болады.
- Едені жүктемелетін шынақ - статикалық және peccopғa әсер ететін салмақ тірекке түседі.
- Үш көлемді шынақ - үш бөлімнен тұратын шанақ: қозғауышка немесе багажға арналған бөлім, жолаушылар бөлімі және багаж немесе қозғауышқа арналған бөлім.
- Капотсыз шанақ - бір көлемді жолаушы шанақ рөлді доңғалақтың орталығы автомобильдің алдыңғы өсінде болады.
- Екікөлемді шанақ - екі бөлімнен тұратын шанақ: қозғауышқа немесе багажға арналған бөлім және жолаушылар мен багаж немесе қозғауышқа арналған бөлім.
- Жабық шанақ - алынбайтын қалың қақпағы бар жеңіл автокөлік шанағы.[2]
Басқа мағыналар үшін Шанақ (айрық) деген бетті қараңыз.