From Wikipedia, the free encyclopedia
Шар – Ертіс алабындағы өзен.
Шар өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 230 км |
Су алабы | Ертіс |
Бастауы | |
• Орналасқан жері | Көкпекті аулынан солтүстікке қарай 20 км жер |
• Координаттары | 48°57′37″ с. е. 82°06′40″ ш. б.48.96028° с. е. 82.11111° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Ертіс өзенінің сол жағы |
• Орналасқан жері | Шүлбі кентінен батысқа қарай 12 км жер |
• Координаттары | 50°21′37″ с. е. 80°52′52″ ш. б.50.36028° с. е. 80.88111° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Абай облысы |
Абай облысының Көкпекті, Жарма аудандарының және Семей қалалық әкімдігінің аумағы арқылы ағып өтеді.
Абай 1885 жылы осы өзеннің бойындағы Қарамала деген жерде өткен Зайсан, Өскемен, Кереку, Семей уездерінің төтенше съезіне төбе би болып сайланған. Ақын осы съезге өзінің ел басқару жүйесін ұсынып, «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелерін» қабылдатты. Өзен атауы ақын шығармаларының толық жинақтарына еніп жүрген өзге ақындармен сөз қағыстыруларында да аталады.[1]
Бастауын Көкпекті аулынан солтүстікке қарай 20 км жерден алып, Шүлбі кентінен батысқа қарай 12 км жерде Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.
Ұзындығы 230 км. Өзен бойында Қаратөбе ауылының батысында Шар су қоймасы және Шар бөгені салынған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.