From Wikipedia, the free encyclopedia
Шәуқарға, ұзаққарға (лат. Coloeus monedula) — торғайтәрізділер отрядына, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның барлық аймақтарында (тек сусыз жерлерде болмайды) кездеседі. Денесінің ұзындығы 33 см, қанатын жайғанда ұзындығы 65 см, әрбір қанаты — 22 см, құйрығы — 13 см, салмағы 150 — 200 г. Қауырсыны жұмсақ. Арқасы қара, металл сияқты жылтыр, бауыры сұр қара, аяғы қызыл түсті. Негізінен жыл құсы, бірақ арасында қыстап қалатындары да болады. Моногамды құстар. Ұясын ағаштың кеуегіне, жартастың қуысына, құлама жарлардағы індерге және үйлердің шатырына салып, онда топталып тіршілік етеді. Жылына бір рет көгілдір жасыл түсті, теңбіл жұмыртқаларын (3 — 6) сәуір — мамыр айларында салып, 16 тәуліктей басады. Ұясынан тобымен ұшып, қоныс аударып тіршілік етеді. Шауқарға жәндіктермен де, өсімдіктермен де қоректенеді.[2] Ұзаққарға топтанып ұшып жүретін құс. Ауылшаруашылық егістіктеріне зиян келтіретін шегіртке сияқты насекомдармен қоректеніп, оларды құртып отырады. Кейде егістерді жапырып, ауыл шаруашылығына өзі де зиянын тигізеді.[3]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Шауқарға | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Coloeus monedula spermologus
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Coloeus monedula Линней, 1758 | ||||||||||||||
Jackdaw range
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Corvus monedula Linnaeus, 1758 |
Бұл — орнитология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.