From Wikipedia, the free encyclopedia
Шаштықыз (лат. Arthraxon) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер. Дүние жүзінде тропикалық аймақтарда тараған 10 түрі белгілі. Қазақстанның шалғынды жерлерінде, өзен, бұлақ, арық бойларында, құмды аймақтарда және күріш егілетін алқаптарда өсетін 2 түрі бар. Олардың биіктігі 20 — 80 см, сабағы жіңішке, жатаған, бұтақты. Жапырақтарының пішіні жүрек тәрізді немесе дөңгелек. Гүлшоғыры саусақ салалы, жоғарғы жағында сабақ шоғыры бар. Масағы қысыңқы, бір гүлді, екі қатардан тұрады, біреуі отырыңқы, қос жынысты, екіншісі сабақты. Масақ қылтаны үшеу, гүл қылтаны біреу не екеу. Шілде — тамыз айларында гүлдеп, жеміс береді. Шаштықыз — құнарлы мал азықтық өсімдік.
Шаштықыз | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||
Arthraxon ciliaris (syn of A. hispidus) | ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
23 түрі белгілі |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.