From Wikipedia, the free encyclopedia
Шаған – Ертіс алабындағы өзен.
Шаған өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 295 км |
Су алабының ауданы |
25,4 мың км² |
Су алабы | Ертіс алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Ханшыңғыс жотасы |
• Координаттары | 48°46′03″ с. е. 79°06′39″ ш. б.48.76750° с. е. 79.11083° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Ертіс өзені |
• Координаттары | 50°37′58″ с. е. 79°15′43″ ш. б.50.63278° с. е. 79.26194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Абай облысы Жаңасемей, Абай, Бесқарағай аудандары |
Абай облысы Жаңасемей, Абай, Бесқарағай аудандары жерімен ағады.
Сарыарқаның шығысындағы Ханшыңғыс жотасының батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Шаған ауылы тұсында Ертіс өзеніне құяды.
Ұзындығы 295 км, су жиналатын алабы 25,4 мың км2. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, төменде кең, жазық. Жағасы көбінесе тік жарлы. Қар және жер асты суымен толығады. Басты саласы — Ащысу. Көктемде тасып, жазда ағыны таулы бөлігінде ғана сақталады, жазықта қарасуларға бөлініп қалады. Қарашада қатып, сәуірдің басында мұзы түседі. Көп жылдық орташа су ағымы 3,9 м3/с, лайлылығы 50 — 200 г/м3. Мал, егін, шабындық суаруға пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.