Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр.

Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр

Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр (туған-өлген жылы белгісіз) — 15 ғасырдағы көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі. Шайбани әулетінен шыққан Әбілхайыр ханның баласы. 16 ғасырдағы жазба деректерге қарағанда, “Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр хан тағына әкесі қайтыс болғаннан кейін тікелей мұрагерлік жолмен отырған. Бірақ Шадидің “Фатхнама” атты еңбегінде Әбілхайыр қайтыс болған соң хан тағына Иодгар (Ядғар, Жәдігер) ие болды деп көрсетілген. Дегенмен, әр түрлі деректердің барлығы Шейх-Хайдар бен Әбілхайырдың өзбек ұлысында билік құрғанын баяндайды. Бірақ ол елде берік тәртіп орната алмады. Соңында әскер басылары да Шейх-Хайдар бен Әбілхайырды тастап кетуге мәжбүр болды. Оның осындай әлсіздігін пайдаланған Жошы хан әулетінің өкілдері Айбақ хан мен Ахмед ханның әскерлері Шейх-Хайдар бен Әбілхайырға шабуыл жасап, оны талқандады. Осы шайқаста ханның өзі де қаза тапқан.

Дереккөздер

  • Государство кочевых узбеков,Ахмедов Б.А., Міәскеу 1965
  • Материалы по истории казахских ханств 15 — 18 вв., Алматы., 1969
  • Қазақстан тарихы, 2-т., Алматы, 2002
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.



{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр
Listen to this article