Шеңбер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шеңбер — барлық нүктесі берілген нүктеден (шеңбер орталығынан) бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық.[1] Шеңбер центрін оның кез келген нүктесімен қосатын кесіндісі (немесе осы кесіндінің ұзындығы) шеңбер радиусы деп аталады. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан (барлық шеңбер үшін бірдей) болады. Бұл қатынас гректің (пи) әрпімен белгіленеді. саны трансцендент санға жатады. Шеңбер ұзындығы формуласымен анықталады. Жазықтықтың шеңбермен шектелген және орталығы бар бөлігі дөңгелек аталады; дөңгелектің ауданы -ға тең.[2]