From Wikipedia, the free encyclopedia
Шолпаншаш (лат. Adiántum) — адиантум тұқымдасына жатады. Отаны – тропикалық Америка және субтропикалық Еуразия аймақтары. Шолпаншаш Adiantum capillus-veneris) әдемі жапырақты өсімдік. Қырыққұлақтардың ішінде жапырағының өте нәзіктігімен ерекшеленеді. Еуропалықтар шолпаншашты әдемі шілтер секілді, жеңіл, салмақсыз үлпілдеген жапырақтары үшін «Бойжеткен шашы» деп атайды. Көлемі 1 см болатын ұсақ жапырақтарының пішіні желпуіш тәрізді, жиектері иректеліп келген.
Шолпаншаш | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Adiantum aleuticum
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Сабақ бойына ұсақ жапырақтары қатар-қатар орналасқан. Жақсы күтім көрсетілген жағдайда бойының биіктігі 60 см-ге дейін жетеді. Шолпаншаштың жапырағының әдемілігі соншалық, оны көбіінесе үйлену тойларында қалыңдық гүлшоғырын қолданады.
Тіке түскен күн сәулесінен қорғау керек. Алакөлеңкеде өседі.
қыста 150С төмен болмағаны жөн. Жел өтінен сақтау керек.
ылғалдылықтың жоғары болғанын қалайды, сондықтан жапырақтарына жиірек су бүркіп ылғалдандырып тұрған дұрыс.
көп қоректендіргеннен жапырақтары сарғайып кетеді. Сол себепті, әдемі жапырақты өсімдікке құйылатын тыңайтқыштың мөлшерінен екі есе аз қолданып, айына бір рет қоректендіріп тұрған жөн.
Ауа қатты құрғап кетсе, өрмекші және өсімдік битінен зиян шегеді.
Үлкейіп өскен шолпаншашты түбін бөлу арқылы көбейтеді. Жылыжайлада жапырағының астындағы спораларымен де көбейтуге болады.
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.