Шолпан (ғаламшар)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шолпан — күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар. Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтірген. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 117 тәулікке тең.
Шолпанныың шын түсі | ||||||||||
Орбиталық сипаттамасы | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дәуірі J2000 | ||||||||||
Афелиі: | 108,942,109 km 0.72823128 AU | |||||||||
Перигелиі: | 107,476,259 km 0.71843270 AU | |||||||||
Үлкен жарты осі: | 108,208,930 km 0.723332 AU | |||||||||
Эксцентриситет: | 0.0068 | |||||||||
Орбитамен айналу: | 224.70069 күн 0.6151970 yr | |||||||||
Ауытқы мезгілі: | 583.92 days | |||||||||
Орташа орбит. жылд-ғы: | 35.02 км/с | |||||||||
Орбитаның қиғаштығы: | 3.39471° Күн экуаторына 3.86° | |||||||||
Үдемелі түйін бойлығы: | 76.67069° | |||||||||
Перигелий аргументі: | 54.85229° | |||||||||
Серіктері: | Жоқ | |||||||||
Физикалық сипаттамалары | ||||||||||
Мағыналы радиусы: | 6051.8 ± 1.0 km[1] 0.9499 Earths | |||||||||
Бет ауқымы: | 4.60×108 km² Жердің 0,902 | |||||||||
Деңгейі: | 9.38×1011 km³ Жердің 0,857 | |||||||||
Массасы: | 4.8685×1024 kg Жердің 0,815 | |||||||||
Тығыздығы: | 5.204 g/cm³ | |||||||||
Экватордағы еркін түсу үдеуі: | 8.87 m/s2 0,904 g | |||||||||
жыту жылдамдығы: | 10.46 км/с | |||||||||
Жұлдыздық айналым мезгілі: | −243.0185 day | |||||||||
Экватордағы айналым тездігі: | 6.52 км/сағ | |||||||||
Біліктік еңкейісі: | 177.36° | |||||||||
Солтүстік полюстің оң үдемелігі: | 18 h 11 min 2 s 272.76°[2] | |||||||||
Солтүстік полюстің ауытқылауы: | 67.16° | |||||||||
Альбедо: | 0.65 | |||||||||
Беттік темп-сы: Келвин Целсиус |
| |||||||||
Көрінетін жұлд. шама: | up to -4.6[5] | |||||||||
Бұрыштық өлшемі: | 9.7" — 66.0"[5] | |||||||||
Атмосферасы | ||||||||||
Беттік қысымы: | 9.3 MPa | |||||||||
Құрамы: | ~96.5% Carbon dioxide ~3.5% Nitrogen .015% Sulphur dioxide .007% Argon .002% Water vapor .0017% Carbon monoxide .0012% Helium .0007% Neon trace Carbonyl sulfide trace Hydrogen chloride trace Hydrogen fluoride |
Оның Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км (0,723 астрономиялық бірлігі). Сидерлік айналу периоды 224 тәулік 16 сағат 49 мин 8 с. Жерден қараған бақылаушыға Шолпанның Күннен бұрыштық қашықтығы 48″-тан аспайды. Сондықтан ол Күн батқаннан кейін (кешкі жұлдыз) не Күн шығардың алдында (таңертеңгі жұлдыз) ғана аз уақыт көрініп тұрады. Шолпан – аспандағы ең жарық шырақ (Күн мен Aйдан кейінгі). Жалтырауының максимумы 4,4-жұлдыздық шамаға дейін жетеді. Шолпанның фазаларын (1610 жылы Г.Галилей ашқан) көру қабілеті ерекше жақсы адамдар жай көзбен де байқай алады. Төменгі тоғысуы кезінде Шолпанның бұрыштық диаметрі 64″-қа жетеді. Жер бетінде жүргізілген радиолокациялық бақылаулардың нәтижесі бойынша Шолпанның орташа радиусі 6050±0,5 км, массасы 0,9528 Жер массасындай. Шолпанды қоршаған қою атмосфераның бар екендігін, Шолпанның Күн дискісін басып өту кезін бақылай отырып, алғаш рет М.В. Ломоносов ашқан (1761). Шолпан атмосферасында көмір қышқыл газының (СО2) болатындығы спектроскопиялық жолмен анықталған. Шолпанның температурасы оның бетіне жақындаған сайын арта түсетіндігін Шолпанның төменгі атмосферасында алғаш рет кеңестік “Венера-4” (1967) автоматтық планетааралық стансасында тікелей жүргізілген өлшеулер көрсетті.
“Венера” (КСРО) және “Маринер” (АҚШ) автоматтық планета аралық стансаларында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Шолпан планетасы атмосферасының құрамы 97,3% көмірқышқыл газынан, 2%-дан кем азоттан, 0,1%-дан кем оттектен және 1%-дан кем су буынан тұратындығы анықталды. Зерттеулер нәтижесіне қарағанда Шолпан бетінің жарықтылығы шамамен 10 мың люкске тең. Ел аузында Ай Күнмен үзеңгілес жүретін болса, Шолпан Аймен тетелес келеді.[6]