From Wikipedia, the free encyclopedia
Шошқажаңғақ-емен жемісі. Әр жаңғақта ұрықты бір тұқым және қоректік заттары бар ет-женді екі тұқым жарнағы болады. Шошқажаңғақ кыркүйек-қазанда піседі, суық түскен кезде төгіліп түседі. Шошқажаңғақты себу үшін күзде ағаштан түскен кезде жинап, +3°,-2° температурада құмға көміп сақтайды. Шошқажаңғақ көбіне малға (шошқа жақсы жейді) жем ретінде пайдаланылады. Қысқа сақтау үшін әбден кептіреді. Кептірілген шошқажаңғақтың қабығын аршып, ұнтақтайды. Құрамында протеин аз, крахмал мол; 10 кг қабығы аршылмаған жас шошқажаңғақта 70 азық өлшемі және 2,5 кг қорытылған протеин, қабығы аршылған кепкен шошқажаңғақтың 100 кг-нда 115 азық өлшемі және 4,3 кг қорытылатын протеин болады. Шошқажаңғақтың құрамында тұтқыр илік зат бар. Малға кебек, сірне т.б. қосып беріледі.
Қазақ энциклопедиясы
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.