![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0a/Bupleurum_aureum.jpg/640px-Bupleurum_aureum.jpg&w=640&q=50)
Шоқсары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шоқсары (лат. Bupleurum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік.
Шоқсары | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() ![]() Bupleurum stellatum
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
185 - 195 түрі белгілі |
Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатаулары, Тарбағатай, Қарқаралы, Семейдің қарағайлы ормандарында кездеседі. Шоқсарының қылқан жапырақты орманның шетінде, ашық жерлерінде, бұталардың арасында, өзен жағасында, таудың альпі, субальпі белдеулерінің тастақты беткейлерінде өсетін 7 түрі (сары шоқсары, үшсәулелі шоқсары, көпжүйкелі шоқсары, көпгүлді шоқсары, Крылов шоқсарысы, Тянь-Шань шоқсарысы және ұзын шоқсары) бар. Олардың биіктігі 10 – 120 см. Тамыр жүйесі – кіндік, тамырсабақты түрлері де кездеседі. Тамырсабақтан бірнеше сабақтары дамиды. Сабағы жұмыр, көп қырлы, тік өсіп, ұшына жақындағанда бұтақтанып жан-жағына жайылады. Жапырақтары түксіз (жылтыр), көкшіл сұр түсті, тақтасы тегіс жиекті, пішіндері сабаққа орналасуына қарай алуан түрлі. Гүлдері ұсақ, онда 5 тостағанша жапырақша, сары, күрең қызыл, қоңыр түсті, жиектері ішке қарай сәл бүгілген 5 күлте, 5 аталық, жатыны 2 ұялы 1 аналық болады. Гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Әр шатыры 3 – 16 сәулелі. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – көп қырлы, ұзындығы 3 – 5 мм жаңғақша. Сары шоқсары – дәрілік өсімдік.[1]