Шырмауық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шырмауық (лат. Convolvulus) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық (кейде бір жылдық) шөптесін өсімдік не шала бұта.
Шырмауық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
дала шырмауығы
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Convolvulus arvensis L. | ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
200 - 250 түрі белгілі |
Негізінен қоңыржай белдеулерде өсетін 250-ден астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық өңіріндегі далалы, тастақты жерлерде, өзен аңғарларында тараған 14 түрі бар. Олардың биіктігі 7 – 130 см. Сабағы шырмала немесе тік өседі, кейде оның бұтағы көп болады. Жиектері бүтін, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қызғылт, ақ, күлгін түсті, жеке-жеке, кейде үш-үштен жапырақ қолтығында орныққан, шашақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Сәуір – тамызда гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – төрт дәнегі бар қосұялы қорапша. Далалық шырмауық (С. arvensіs) – қаулап өсетін арамшөп, ал кірпі шырмауық (С. erіnaceus) – құнарлы мал азығы.
Шырмауық – аралия тұқымдасына жататын, аты айтып тұрғандай шырмалып өсетін өсімдік. Отаны – Еуропа, Азия мен солтүстік Африка аймақтарына таралған. Табиғатта ауа тамырымен ағаштарға оралып, 15-20 м биіктікке өседі. Ал, үй жағдайында 3-4 метрге жетеді. Сонымен қатар жоғарыдан төменге қарай жайыла және жерге төселіп те өседі. Табиғи 15-ке жуық түрі белгілі, 400-ге жуық сұрыпты түрі бар. Шырмауық-әдемі жапырақты өсімдікке жатады. Қою жасыл, ала, көкшіл түстері бар. Сонымен қатар ұсақ жапырақты және жай өсетін сұрыптары бар. Күтімі жеңіл. Ол әртүрлі жағдайларға шыдамды әрі бейімделгіш келетіндіктен гүлпаздардың, флорашылар мен дизайнерлердің көптеп қолданатын сүйікті гүліне айналған. Үй жағдайында аспалы түбектерде, композициялар мен ыдыста орналастырылған шағын бөлме бақшаларын жасауға қолданады. Түбек ішіне бамбуктен немесе темір сымнан доғал, үшбұрыш, ирек пішінді тіреу орнатуға болады. Өсімдік тіреуге шырмалып, белгілі бір пішін сақтап өсуі үшін сабағын байлап, кесіп, реттеп отыру керек.