From Wikipedia, the free encyclopedia
Шәңкіш (→ Шәңгіш)[1] (лат. Viburnum) – байсаттар тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш.
Шәңкіш | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Viburnum opulus
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
150–175 түрі белгілі |
Биіктігі 1,5 — 4 м-ге жетеді. Сабағының қабығы ақшыл сұр түсті, тілініп кеткен, онда тықыр жас бұтақтары орналасады. Жапырақтары жалпақ, сопақша, кейде дөңгеленіп келген. Гүлдері қос жынысты, шет жағындағы гүлдері тұқымсыз болады, шатырша-қалқанша гүлшоғырын құрайды. Аталығының саны — бесеу, жатыны бір ұялы. Тостағанша жапырақшалары 3 не 5 тісті, күлтелері қоңырау тәрізді, ақ немесе қызыл түсті. Жәндіктермен тозаңданады. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады. * Жемісі — қызыл түсті сүйекше.
Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда, негізінен Еуразия мен Солтүстік Америкада өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жалпақ жапырақты және аралас ормандарында, бұлақ, өзен-көл жағалауларда, сайлы, батпақты жерлер мен тау беткейлерінде 1 түрі — кәдімгі шәңкіш кездеседі.
Ерекше күтімді қажет етпейді, бақтың кез келген топырағында өсе береді. Өсімдіктің барлық түрінің артық бұталарын гүлдеп болған соң кесіп тұру керек. Гүлінің орнына күзге таман қып-қызыл жемістері пайда болады.
Тұқымы арқылы көбейтуге болады. Бірақ оңай, әрі тиімді жолы қалемше және түбінен өсіп шыққан жас көшеттерін бөлу арқылы көбейту[2].
Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында — вибурнин глюкозиді, валериан, илік заттар, шайыр және органикалық қышқылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар. Олар халық медицинасында кеңінен қолданылады:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.