Экономикалық аймақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Экономикалық аймақ – аумақтық судан (құрылықтық аумаққа және ішкі суға жанасқан‚ мемлекет 12 теңіз миліне дейінгі қашықтықта белгілеген теңіз белдеуінен) тысқары орналасқан және оған іргелес жатқан теңіз ауданы. Мұнда жағалау өңіріндегі мемлекеттің су түбіндегі‚ оның қойнауындағы және су астындағы табиғат ресурстарын барлауға‚ қазуға‚ сақтауға‚ сондай-ақ осы ресурстарды басқаруға егеменді құқықтары бар. Жағалау өңіріндегі мемлекеттің осы аймақта экономикалық қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға да‚ мысалы, ғимараттар салуға‚ ғылыми зерттеулер жүргізуге құқығы бар‚ Экономикалық Аймақта басқа мемлекеттердің халықаралық құқықта рұқсат етілетін құқықтары мен міндеттемелерін ескеруге тиіс. Оның ені 200 теңіз милінен аспауға тиіс.[1][2]