From Wikipedia, the free encyclopedia
Эссекибо — Гайанадағы ең үлкен өзен. Өзеннің ұзындығы шамамен 1000 км. Елдің оңтүстігіндегі Акарай жотасының солтүстік беткейлерінде Сипу және Чодикор өзендерінің бірігуінен бастау алады.
Эссекибо | |
---|---|
Essequibo | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 1000 км |
Су ағысы | |
Бастауы | Акарай жотасы |
• Координаттары | 1°25′04″ с. е. 58°48′12″ ш. б.1.41778° с. е. 58.80333° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Атлант мұхиты |
• Координаттары | 6°58′27″ с. е. 58°24′05″ ш. б.6.97417° с. е. 58.40139° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Гайана |
Ол ылғал ормандар мен саванналар арқылы солтүстікке қарай ағады. Ортаңғы және төменгі ағысында аралдар орналасқан. Джорджтауннан солтүстікке қарай 21 км Атлант мұхитына құятын кезде, ол көптеген аралдармен (Хог, Легуан) ені 20 км-ге дейін эстуарий қалыптастырады. Негізгі салалары -Рупунуни, Потаро, Мазаруни, Сипаруни, Киювин, Конаварук және Куюни өзендері.
Өзен фаунаға өте бай. Эссексибо бассейнінде балықтың 300-ден астам түрі белгілі, оның ішінде 60-қа жуық эндемикалық түрі бар.[1] Зерттеулер барысында Мазаруни өзенінің жоғарғы ағысындағы балықтың 36-39 түрі табылды. Балықтардың кем дегенде 24 түрі тек Мазаруни өзенімен ғана шектеледі.[2] At least 24 fish species are resticted to Mazaruni River alone.[2] Су тасқыны кезінде Бранко өзенінің жоғарғы ағысы (Амазонка бассейнінің бөлігі) және Эссекибо өзендері өзара байланысты, бұл су жүйесінде балық сияқты су фаунасында алмасу деңгейін қамтамасыз етеді.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.