Этилен
From Wikipedia, the free encyclopedia
Этилен, Этен, CH2=CH2 – органикалық қосылыс. Э. эфир иісті, түссіз газ, балқу t –169,5 °С, қайнау t –103,8 °С, суда нашар, эфирде жақсы ериді. Ауада жарқыраған жалын шығарып жанады да, көміртек қос тотығын және су түзеді: C2H4+3O2 → 2CO2+2H2O. Э. – реакцияласуға қабілетті, оның хим. қасиеттеріне молекуласындағы қос байланыс әсер етеді, сондықтан қосып алу, полимерлену реакциясына бейім. Э-ді лабораторияда этил спиртінен күкірт қышқылы қатысында дегидраттау арқылы, өнеркәсіпте мұнайды әр түрлі әдістермен өңдеу кезінде бөлініп шығаратын газдардан алады. Э-ді полимерлеу арқылы аса маңызды полимерлердің бірі – полиэтилен және хлор мен Э-ді әрекеттестіру арқылы катализатор қатысында хлорлы этил алынады. Этилен молекуласының құрылысын шарөзекті модельмен бейнелеуге болады. Этилен молекуласында әр көміртек атомы екі сутек атомдарымен дара байланыстармен байланысады және өзара қос байланыс арқылы жалғасады. Хлорлы этил еріткіш, тазартқыш ретінде және медицинада қолданылады. Э. көптеген маңызды өнімдер (этанол, этилен тотығы, т.б.) синтездеуде пайдалынылады.