Қабарда-Балқария
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қабарда-Балқария, Қабарда-Балқар Республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялық құрылым. Солтүстік Кавказда орналасқан. РФ-ның Ставрополь өлкесімен, Солтүстік Осетиямен және Қарашай-Черкесиямен шекараласады. Жер аумағы 12,5 мың км², халқы 782 мың адам (2002). Астанасы – Нальчик қаласы. Байырғы тұрғындары республика халқының басым көпшілігін құрайды, соның ішінде: қабардалар – 363,5 мың (48,2%), балқарлар – 70,8 мың (9,4%) адам. Орыстар – 241 мың адам (38,8%). Оннан аса басқа ұлт өкілдері (украиндар, осетиндер, немістер, корейлер, месхет түріктері, армяндар, татарлар, грузиндер, тау еврейлері мен татарлар) бар. Мемлекеттік тілі – қабарда, балқар және орыс тілдері. Республика басшысы – президент. Жоғары өкілетті органы – екі палатадан (Республика кеңесінен және өкілдер палатасынан) тұратын заң шығарушы жиналыс; ол 4 жыл мерзімге сайланады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі 9 аудан, 8 қала, 4 қалалық кент, 115 ауылдық әкімшілік.
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Қабарда-Балқария Республикасы | |||||
| |||||
Елордасы |
Нальчик | ||||
78-ші | |||||
Барлығы |
12 470 км² | ||||
59-ші | |||||
Барлығы |
▼858 946 (2013) 68.9 адам/км² | ||||
ЖАӨ |
73-ші | ||||
Барлығы, ағым. баға |
76,1 млрд руб. (2010) 65,7 мың руб. | ||||
Солтүстік Кавказ | |||||
Солтүстік Кавказ | |||||
Қабарда-Черкесше, Балқарша, Орысша | |||||
Республика басшысы |
Арсен Каноков | ||||
Үкімет төрағасы |
Руслан Хасанов | ||||
Парламент төрағасы |
Ануар Чеченов | ||||
РФ субъектісінің коды |
07 | ||||
ISO 3166-2 бойынша коды |
RU-KB | ||||
MSK (UTC+4) |