From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты – Қазақстанның ең жоғары сот органы. Жоғарғы сот төменгі буындағы соттардың азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және басқа да сот істері бойынша заңда көрсетілген процесуалды формада олардың қызметтеріне сот қадағалауын жүргізіп, сот практикасы мәселелері бойынша түсінік береді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты | |
---|---|
Жоғарғы сот ғимараты | |
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Оның алдындағы мекеме | Қазақ КСР Жоғарғы соты |
Штаб-пәтері | Астана қаласы, Қонаев көшесі, 39 |
Төрағасы | Асламбек Мерғалиев |
Ресми сайты | |
sud.gov.kz |
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3 қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 1-тармағының нормасымен бекітілетін, қолданылатын құқық - Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары болып табылады дегенді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасында заңнамалық нормалар, оның ішінде Конституция нормаларын қолдану мәселелері бойынша ғана нормативтік қаулылар шығаруға өкілетті деп түсінген жөн".
1937 ж. 9 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Соты ретінде құрылды.[1] 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған ҚР Конституциясында[2] ҚР-да сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, Жоғары төрелік сотқа және заң бойынша құрылған төменгі тұрған соттарға берілетіндігі белгіленді. Ешқандай өзге орган және өзге тұлға сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.[3] ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына[4] сәйкес, ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі қаулысымен[5] ҚР Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті таратылды, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкімшілеріне берілді.[6]
Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Президентінің ұсынуы бойынша 5 жыл мерзімге Сенат сайлайды.
Жоғарғы Соттың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген Қазақстан Президентiнiң ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.
Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша 5 жыл мерзімге Қазақстан Президенті тағайындайды.[7]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.