Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 20-сәуірінде жарияланған № 1555 бұйрығының негізінде, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерін қалыптастыру және дамытуға айтулы үлес қосқан мемлекет азаматтары мен шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасы Конституциясының мерейтой мерекесіне байланысты берілетін марапат тағайындалды.