Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы — Қазақстанда шығатын басылымдардың жарыққа шығуына бағыт-бағдар беріп, халықаралық стандарт талабына сай тіркеуге алатын, баспа және баспасөз өнімдерін жинап, сақтайтын, статитикасын жүргізетін бірден-бір ғылыми-библиографиялық орталық болып саналады.
Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер шығару, баспасөз статистикасын жүргізу, жүйеленген каталогтар негізінде баспаларға, мекемелерге, жекелеген адамдарға ақпараттық-библиографиялық анықтамалар беру – Кітап палатасының негізгі қызметінің бірі. Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы баспаларға және баспа өнімдерін шығаратын ұйымдарға, штрих белгілер (ISBN, ISSN, ISМN) беруді жүзеге асырады.