Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі — Астана қаласында Тәуелсіздік алаңында орналасқан 2014 жылы 2 шілдеде ашылған мұражай[1]. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды. Музей «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 675 Қаулысы шықты[2]. Ұлттық музейдің алғашқы директоры болып Дархан Қамзабекұлы Мыңбай тағайындалды.
Quick Facts Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Құрылған уақыты ...
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі | |
---|---|
Құрылған уақыты | 2014 жыл |
Орналасқан жері | Астана, Қазақстан |
http://astanamuseum.kz/index.php?lang=kk | |
Ортаққордағы санаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі |
Close