From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстандағы мектепке дейінгі білім, қосымша білім беру және бала құқығын қорғау, орта білім, білім саласын цифрландыру, техникалық және кәсіптік білім үшін жауапты министрлік.[3]
Қазақстан Оқу-ағарту министрлігі | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Құзыреті | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 11 маусым 2022 жыл[1] |
Оның алдындағы мекеме | Білім және ғылым министрлігі[1] |
Мекемені басқарады | Қазақстан үкіметі |
Штаб-пәтері | Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс[2] |
Министрі | Ғани Бейсембаев |
Бірінші вице-министрі | Наталья Жұмаділдаева |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/edu |
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы білім беру жүйесін басқаратын тұңғыш министрлік Қазақ КСР-нда тұңғыш құрылған Халыққа білім беру министрлігі еді. Оның 1987–1993 жылдары министрі — Шайсұлтан Шаяхметов. 1993 жылдан бастап ол Білім министрлігі деп атала бастады.
1997 жылы наурызда Білім министрлігі мен Мәдениет министрлiгi қосылып, Бiлiм және мәдениет министрлiгi құрылды. Сол жылы қазанда Денсаулық сақтау министрлiгi мен Бiлiм және мәдениет министрлiгi қосылып, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi құрылды. 1999 жылы қаңтарда ол Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі болып өзгертілді.
1999 жылы қазанда Білім, денсаулық сақтау және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірқатар өкілеттіктерін басқа орталық атқарушы органдарға бере отырып, Білім және ғылым министрлігіне бірікті.
Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылдың 11 маусымында, президент Тоқаевтың жарлығымен,[4] Білім және ғылым министрлігінен бөлініп[1] құрылды. Оның тұңғыш министрі болып бұған дейін Білім және ғылым министрлігін басқарып жүрген Асхат Қанатұлы Аймағамбетов тағайындалды.
2022 жылдың 28 желтоқсанында Аймағамбетовтың лауазымнан босатылғаны және келесі жылдың 4 қаңтарында оның орнына Ғани Бейсембаев тағайындалуы белгілі болды.[5]
Министрлікті 2022 жылы құрған Тоқаевтың жарлығында оның Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерінің алғаны жазылған.[6]
Министрліктің 3 комитеті бар. Олар:[3]
Министрліктің оған қоса 11 департаменті бар:[7]
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Үкімет басшысы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Халыққа білім беру министрлігі (1991–1993) | |||||||
1 | Шайсұлтан Шаяхметов (1939-2000) |
маусым 1987 |
15 қазан 1993 |
Партиясыз | Терещенко | ||
Білім министрлігі (1993–1997) | |||||||
1 | Ережеп Мәмбетқазиев (1937 туған) |
15 қазан 1993 |
наурыз 1995 |
белгісіз | Терещенко Қажыгелдин | ||
1 | Мұрат Жұрынов (1941 туған) |
наурыз 1995 |
наурыз 1997 |
белгісіз | Қажыгелдин | ||
Бiлiм және мәдениет министрлігі (1997) | |||||||
1 | Иманғали Тасмағамбетов (1956 туған) |
наурыз 1997 |
қазан 1997 |
белгісіз | Қажыгелдин Балғымбаев | ||
Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі (1997–1999) | |||||||
1 | Қырымбек Көшербаев (1955 туған) |
қазан 1997 |
қаңтар 1999 |
белгісіз | Балғымбаев | ||
Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі (1999) [a] | |||||||
1 | Қырымбек Көшербаев (1955 туған) |
қаңтар 1999 |
қазан 1999 |
белгісіз | Балғымбаев Тоқаев | ||
Білім және ғылым министрлігі (1999–2022) | |||||||
1 | Қырымбек Көшербаев (1955 туған) |
қазан 1999 |
18 желтоқсан 2000 |
белгісіз | Тоқаев | ||
2 | Нұралы Бектұрғанов (1949 туған) |
18 желтоқсан 2000 |
қаңтар 2002 |
белгісіз | Тоқаев | ||
3 | Шәмшә Беркімбаева (1942–2022) |
қаңтар 2002 |
14 маусым 2003 |
белгісіз | Тасмағамбетов | ||
4 | Жақсыбек Құлекеев (1957 туған) |
14 маусым 2003 |
13 желтоқсан 2004 |
белгісіз | Даниал Ахметов | ||
5 | Бірғаным Әйтімова (1953 туған) |
13 желтоқсан 2004 |
19 қаңтар 2007 |
белгісіз | Даниал Ахметов Мәсімов I | ||
6 | Жансейіт Түймебаев (1958 туған) |
19 қаңтар 2007 |
22 қыркүйек 2010 |
белгісіз | Мәсімов I | ||
7 | Бақытжан Жұмағұлов (1953 туған) |
22 қыркүйек 2010 |
2 қыркүйек 2013 |
белгісіз | Мәсімов I Серік Ахметов | ||
8 | Аслан Сәрінжіпов (1974 туған) |
2 қыркүйек 2013 |
10 ақпан 2016 |
белгісіз | Серік Ахметов Мәсімов II | ||
9 | Ерлан Сағадиев (1966 туған) |
10 ақпан 2016 |
25 ақпан 2019 |
белгісіз | Мәсімов II Сағынтаев Мамин I | ||
10 | Күләш Шәмшидинова (1958 туған) |
25 ақпан 2019 |
13 маусым 2019 |
белгісіз | Мамин I | ||
11 | Асхат Аймағамбетов (1982 туған) [b] |
13 маусым 2019 |
11 маусым 2022 |
белгісіз | Мамин I Мамин II Смайылов I | ||
Оқу-ағарту министрлігі (2022 бері) | |||||||
1 | Асхат Аймағамбетов (1982 туған) |
11 маусым 2022 |
4 қаңтар 2023 |
белгісіз | Смайылов I | ||
2 | Ғани Бейсембаев (1969 туған) |
4 қаңтар 2023 |
– | белгісіз | Смайылов I Смайылов II Бектенов |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.