Қазақстан (телерадиокорпорация)
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналарын, Qazaq radiosy, «Shalqar», «Astana», «Classic» радиоларын және аймақтық 14 телеарнаны біріктіретін Қазақстандағы және алыс-жақын шетелдегі беделді телерадиокорпорациялардың бірі. Телерадиокорпорация өзінің қалыптасуында бай тарихқа ие және Қазақстанның телерадиожурналистикасының дәстүрін мұра етіп келеді. 1921 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған республикалық бірінші телеарнадан басталды. Телерадиокорпорация жарнамалық қызметпен де айналысады.[4] 2019 жылдың сәуірінен телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
«Қазақстан» РТРК» АҚ | |
Түрі |
Телерадиокорпорация |
---|---|
Құрылды | |
Бұрынғы атауы |
«Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы |
Орналасуы |
Қазақстан, Астана, Қонаев көшесі, 4 үй (Қазмедиа орталығы) |
Басты адамдары |
Ләззат Танысбай (Басқарма Төрайымы)[1] |
Басшы компания | |
Еншілес компания |
«Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС |
Статусы |
Белсенді |
Сайты |