From Wikipedia, the free encyclopedia
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы аты Алматы театр және кино институты) — театр және кино мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы | |
Университет атауы | |
---|---|
Халықаралық атауы | T.K. ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS |
Бұрынғы атауы | Алматы театр және кино институты |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1978 |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан, Алматы |
Мекенжайы | Қазақстан Республикасы, 050000 Алматы, Панфилов к-сі, 127 |
Әкімшілік | |
Ректоры | Арман Жүдебаев |
Негізгі көрсеткіштер | |
Сайты | http://kaznai.kz/kz/ |
өңдеу |
1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетінің (консерваторияға 1953 жылы Алматы көркемсурет училищесінен келіп қосылған актерлік бөлім) негізінде Алматы театр және көркемсурет институты болып ашылған.
Институт театр, кино, көркемсурет және хореография бөлімдері бойынша он бір салада маман даярлайды. Оқу мерзімі 4 жыл. Күндізгі және ақылы сырттай бөлімдер жұмыс істейді. Құрамында 6 факультет, 23 кафедра бар. Оқу 12 мамандық және 39 арнаулы мамандық бойынша жүргізіледі. 1062 студент оқиды. 322 оқытушы сабақ береді. Олардың арасында 16 халық артисі мен халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 24 лауреаты, 34 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары, 23 ғылым докторы, 52 ғылым кандидаты, 30-дан астам ҚР-ның білім беру ісінің үздігі бар.[1]
1987 жылы институтқа Т.Жүргенов есімі берілді [2].
2014 жылдың 26 - қыркүйегінде Елбасы өкімімен Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова, Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.