From Wikipedia, the free encyclopedia
Қаламұш — қауырсын қаламдардың негізгі жазу бөлігі.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Қаламүштың формалары күрделі болып келеді, ол үш бөліктен тұрады: негізгі құрылымдық бөліктерін қоса иілген нөмірі (кейде жиі таңбаларының жиынтығы өте күрделі формалар), болып табылады:
Алғашқы қауым кезіндегі адамдар қарапайым суреттерді шақпақ тастың жарықшағымен, үшкір сүйектің ұшымен тырналап салған.
Ертедегі гректер мен римдіктер бетіне балауыз жаққан тақтаға ұшы үшкір металл сымның ұшымен - стильмен жазған. Ассириялықтар мен вавилондықтар дымқыл қышқа үш қырлы таяқшамен із салған. Осы күнгі қаламұштың арғы тегі - ұшы үшкірленген қамыс таяқшаның Мысырда шыққаны белгілі. Ол "қалам" деп аталған. Онымен папирусқа, кейіннен пергаментке (жануар терісі) жазған. Бертін келе жазуға қаздың қауырсыны пайдаланылады. Ең сапалы қауырсын сол жақ екінші, үшінші, төртінші қауырсындары болып есептеледі. Бірақ оларды пышақпен жиі - жиі үшкірлеп отыруға тура келді. Соның өзінде сықырлап, сиясын жайып алып, сынып қала беретін. Қалай болғанда да қаз қанатынан жасалған қаламұштың темір қаламұшқа жете алмасы анық. Бірақ ол қағаз сапасына байланысы жоқ[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.