Қарабалық руы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарабалық - Орта жүз Қыпшақ тайпасының Қарақыпшақ тармағынан тарайтын ру, бес таңбалы қыпшақтың бірі. Қарабалықтан:
- Қыдырбай,
- Қарсақ,
- Қарта,
- Жантілес,
- Шуманақ,
- Танабұға ұрпақтары тарайды.
Қазан революциясына дейін Қазақстанның солтүстігіндегі Үй, Тоғызақ өзендерінің бойындағы алқаптарды, қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық, Федоров, Ұзынкөл аудандарының жерлерін мекендеген. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Өзен бойындағы топтар аздап егін салып, балық аулауды кәсіп еткен[1].