Қарабас шақшақ (Saxicola torquata) - жағал шақшақтан айырмашылығы - реңі көрікті құс.

Quick Facts Қарабас шақшақ, Амандық күйі ...
Қарабас шақшақ
Thumb
Adult male in South Africa
Амандық күйі
Thumb
Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Кіші табы: Желпіқұйрықты құстар
Ықшам табы: Neognathae
Ұлы сабы: Neoaves
Сабы: Passeriformes
Кіші сабы: Passeri
Ықшам сабы: Passerida
Ұлы тұқымдасы: Muscicapoidea
Тұқымдасы: Muscicapidae
Тегі: Saxicola
Түрі: S. torquatus
Өзге түрі
13-17 subspecies
Екі-есімді атауы
Saxicola torquatus
(Linnaeus, 1766)
Close

Биологиялық сипаттама

Аталығының жоны және тамағы - қара: денесінің төменгі жағы - ақшыл, жемсаудың екі жағы - ашық қызғылтсары, бауыры - ақшыл сары. Қанатында айқын ақ көзтартары болады. Аналығында қара түс жоқ және жағал шақшақты көбірек еске түсіреді. Дауысы жағал шақшаққа ұқсас, әуенінде бөтен дыбыстар көп. Көрікті аталықтар бұталардың ұшар басында немесе ірі шөптерде сайрап отырғанда жиі көзге түседі. Ұясын салбыраған шөптердің астындағы шұңқыр жерге жасырып салады. Ұяны аналығы салады, аталығы бұл кезде құсойнақ жасайды. Салындыдағы 4-6 көмескі бозғылт реңкті көгілдірлеу жұмыртқаларды аналығы 11 — 14 күн басады. Балапандарды ата-енелері екі аптаға жуық ұяда, тағы сонша уақыт балапандар ұядан үшқан соң қоректендіреді. Бұған қоса аталық ұшып жүрген ұялас балапандарды көбірек тамақтандырады, ал аналықтар екінші рет жұмыртқа туып, екінші рет салындыдағы жұмыртқаларды басады.

Таралуы

Бұл шақшақтың таралу атырабы Еуразияның едәуір бөлігін алады. Қазақстанда ол бүкіл солтүстік өңірлерде, шығыста және оңтүстігінде, сондай-ақ Батыс Тәңіртаудың оңтүстігіндегі орта белдемде қоныстанады. Келіп-қайту кезінде ұшқанда бүкіл республика бойынша кездеседі. Бұталары бар биік таулы және шалғынды далаларға, тауларға - оған қоса субальпілік белдемге дейін, яғни теңіз деңгейінен 2 500-2 700 м жоғары биікке дейін орын тебеді. Бұлар - кейбір жерлерде едәуір көп кездесетін құстар. Қыркүйек-қазанда қыстауға ұшып кетеді. Қазақстанға көктемде - наурыз- сәуірде оралады. Олар осы кезде ұшып өтеді.[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.