Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі.

Quick Facts Қарбыз, Ғылыми топтастыруы ...
Қарбыз
Thumb
Қарбыздің жидегі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Cucurbitales
Тұқымдасы: Cucurbitaceae
Кіші тұқымдасы: Cucurbitoideae
Тайпасы: Benincaseae
Кіші тайпасы: Benincasinae
Тегі: Citrullus
Schrad. ex Eckl. & Zeyh.
түрлері
  • Citrullus colocynthis
  • Citrullus ecirrhosus
  • Citrullus lanatus
  • Citrullus naudinianus
Синонимдері
  • Anguria Mill.
  • Colocynthis Mill.
Close

Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі. Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан.

Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 – 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0,6 – 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз – жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10 – 15 кг. Құрамында 2 – 3% қант болады.

Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы – 395; орташа пісетін Княжин, тұтасжапырақты, Стокс 647/649, Багаев – Мурашка 747/749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25 – 27 см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6 – 8 см тереңдікке егеді, 9 – 12 рет суарады.

Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.

  • Қарбыз тосабы. Тосапқа пісуі жеткен қалың қабықты қарбыздар қолайлы. Жуып, тіліктерге тіледі, дәнді қызыл етін, қабығын алып тастайды. Қалған "етін" тот баспайтын пышақпен жалпақтығын 4,5-5 см, ұзындығын 2,5—3 см етіп турап, қайнап тұрған суда 5—8 минут ұстайды да, суық сумен салқындатады. Ыстық шырын құйып, 6—7 сағат тұндырады. Бірінші рет баяу отқа қойып, 2—3 минут қайнатады да, оттан түсіреді. 5—6 сағат тұндырады; екінші рет баяу отқа қойып, бірнеше минут қайнатады да, оттан алады. Сөйтіп 10—12 сағат тұндырады: үшінші рет дайын болғанша қайнатады да, оттан түсірмес бұрын ванилин мен лимон қышқылын қосады. Банкаларға ыстықтай құйып, қақпағын жабады.[1]

Галерея

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.