Қасиетті Рим империясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қасиетті Рим империясы (1512 жылдан бастап — Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы; лат. Sacrum Imperium Romanum Nationis Germanicae немесе лат. Sacrum Imperium Romanum Nationis Teutonicae, нем. Heiliges Römisches Reich Deutscher Nation) — 962 жылдан 1806 жылға дейін Еуропаның көптеген аймақтарын біріктірген мемлекеттік құрылым.
- Рим империясымен шатастырмау керек.
Қасиетті Рим империясы нем. Heiliges Römisches Reich | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Ұраны Құдай император Францты сақтасын(1797—1806) | |||||||||
Астанасы | Бірыңғай / негізгі елорда жоқ | ||||||||
Тіл(дер)і | Неміс тілі және Латын тілі | ||||||||
Діні | Католицизм(800–1806) Лютеранизм(1555–1806) Кальвинизм(1648–1806) | ||||||||
Ақша бірлігі | Талер,Гульден,Грош,Рейхсталер | ||||||||
Басқару формасы | Конфедерация элективті монархия | ||||||||
Династиясы | 14 әулеттер | ||||||||
Император | |||||||||
- 800–814 | Ұлы Карл | ||||||||
- 962–973 | I Оттон (бірінші) | ||||||||
- 1792–1806 | II Франц (соңғы) | ||||||||
Империяның өркендеу кезінде оның құрамына Германия, солтүстік және орталық Италия, Чехия, Төменгі Жерлер (қазіргі Голландия), Францияның кейбір аймақтары кіретін. 1134 жылдан бастап Қасиетті Рим империя формальді түрде үш патшалықтан тұрған: Германия, Италия және Бургундия патшалығы. 1135 жылдан бастап империя құрамына Чехия патшалығы енді. Оның империя құрамындағы статусы толығымен 1212 жылы ғана реттелген.
Империя 962 жылы І Ұлы Оттонмен құрылған. Бұл империя тарихшылармен антикалық Рим империясының және Ұлы Карлдың франкия империясының жалғасы деп қарастырылады.