From Wikipedia, the free encyclopedia
Қоңырау – музыкалық аспап.
Ертеде қоңыраудың әр түрлі үлгілері діни жораларда, салт-дәстүр рәсімдерінде қолданылғаны жөнінде көптеген деректер кездеседі. Қоңыраулар тот баспайтын сапалы жез, мелхиор т.б. металдан жасалады. Кейде сыртына жұқалап алтын, күміс жалатылады.
Жүргізілген археологиялық қазбалар мәліметтеріне сүйенсек мұндай қоңыраулар еліміздің әр өңірінен табылды. Қоңырауды арнайы жеңіл таяқшамен соғып ойнайды. Қоңыраудың ең кішкене үлгісін ел ішіндегі өнерпаздар домбыра, қылқобыз, нарқобыз секілді аспаптардың басына, шанақ ішіне таққан. Мыс, Абай әнші Әлмағамбетке арнап қоңыраулы домбыра жасатқан. Белгілі коллекционер, өнертанушы Б.Сарыбаевтың жеке коллекциясында сирек кездесетін “Қоңыраулы асатаяқ” аталатын көне аспап бар. Ал шаңқобыз аспабында ойнайтын қыз-келіншектер шағын қоңырауды саусаққа іліп ойнайтын болған.[1]
Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайында қоңыраудың 7 дыбыстық жүйеге лайықталған нұсқалары бар. Қоңырауды “Сазген”, “Отырар сазы”, т.б. өнер топтары пайдаланып жүр.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.