From Wikipedia, the free encyclopedia
Қоңырбас (лат. Poa) – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.
Қоңырбас | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
жылдық қоңырбас
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
500 түрі белгілі |
Қазақстанның барлық өңірінде таралған. Қара, құм топырақты, саз балшықты жерлерде, дала мен шөлді аймақта өсетін 38 түрі бар. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – жуашықты қоңырбас (roa bulbosa). Биіктігі 8 – 30 (кейде 80) сантиметр. Сабағы тік, жылтыр, жапырағы жіңішке таспа пішіндес. Гүлі, әдетте, жапырағы бар баданаға айналған. Гүлшоғыры – масақ. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Жуашықты қоңырбас – мал азығы ретінде де бағаланады. Ал жылдық қоңырбас (Poa annua) – егістіктің арам шөбі болып саналады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.