From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызылмия (лат. Glycyrrhіza glabra) – бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.
Қызылмия | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Glycyrrhіza glabra |
Қызылмия Қазақстанның далалы және шөлді аймақтарында, Жайық, Шу, Іле, Сырдария өзендерінің жағаларында өседі.
Тамырында глюкоза (0,6 – 15,2%); фруктоза (0,3 – 4,1%); сахароза (0,3 – 20,3%); мальтоза (0,1 – 0,6%); крахмал (34%) бар, сонымен қатар органикалық қышқылдар, эфир майлары, глицирризин қышқылы, фенолкарбон қышқылдары және олардың туындылары (кумарин, флавоноид, тері илегіш заттар, жоғарғы алифатты көмірсутектер және спирттер) болады.
Қызылмия дүниежүзілік және отандық фармакологияға енген.
Медицинада қызылмия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады. Тибет медицинасында қызылмия препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артериосклерозға, т.б. қарсы, ал Батыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады.[1]
Қызыл мия Іле өзендерінің аңғары, Түркістан облысының далалы аймақтарында көп кездеседі.
Далалық аймақта, шөл және шөлейтте , тоғайда жақсы өсіп-өнеді. Тұқымынан және тамыр сабақ арқылы көбейеді.
Республикамыздағы ең ірі өзендерінің бойындағы Орал, Қызылорда, Түркістан облысында қызыл мияның қоры зерттелген.
Мия ертеден қолданылатын дәрілік өсімдік. Мия тамыры дәмінің ерекше тәтті болуына байланысты ерекше ат беріп, дәрі ретінде қолданған. Грецияда –«Тәтті тамыр», Қытайда "ганьцао" - «тәтті шөп», Моңғолияда хунчир – «тәтті тамыр» деп аталған. Мияның тамыры, тамырсабағы біздің дәуірімізге дейін 2800 жыл бұрын Қытай, Тибет, Индия, Жапония медицинасында пайдаланылған.
Ертеде Грек дәрігері Гиппократтың еңбектерінде мияның тамырының емдік қасиеттерін жазылған.
Гректің атақты дәрігері Диоскорид өзінің еңбектерінде мияның сөлі өкпе, бауыр ауруларына және шөлді басатын дәрі екенін сипаттап жазған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.