Қызыл бұрыш
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызыл бұрыш (Capsіcum annuum) — алқа тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс өсімдігі. Қызыл бұрыш ауа райы 13С-тан төмен болмайтын аудандарда егіледі. Қазақстанда оның ащы және тәтті түрлері көшеттен өсіріледі. Тармақ сабақты, негізгі сабағының биіктігі 30 — 130 см. Гүлі ірі, ақ, ақшыл, сары түсті. Жемісі көп тұқымды (салмағы 0,25 — 190 г).. Өсімдік шілде – тамыз айларында гүлдейді,ал жемісі тамыз айларында піседі.