Қымыз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қымыз — биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.[1]
Қымыз — түркі және моңғол көшпелі халықтарының бірнеше мыңжылдықтан бері пайдаланып келе жатқан сусыны.[2]
Дәстүрлі қазақ қоғамында қымыз ұлттық қадірлі сусын ретінде бағаланды, сонымен қатар күнделікті тұрмыста сусын ретінде кеңінен пайдаланылады. Кей жағдайда ауыл үйдің әл-ауқаты желіге байланған бие саны мен шаңырақтағы саба арқылы өлшенді, яғни сусын мен азық рөлін бірдей атқаратын қымыздың, ағарғанның мол болуы молшылық пен тоқшылықтың белгісі саналды.[3]
Қымыз ашыған күні қымыздың алды ауыл адамдарына беріледі. Жазғытұрымда бие байланған кезден бастап, қазан айының басына дейін (бие ағытылғанша) қымыз үзілмейді. Қымыздың жақсы болуы ыдысына, ашытылуына, ұсталу бабына байланысты болады. Қымыздың шипалық, емдік маңызы зор.[4]