![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d0/Accipiter_nisus_Meneer_Zjeroen.jpg/640px-Accipiter_nisus_Meneer_Zjeroen.jpg&w=640&q=50)
Қырғи
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырғи (лат. Accipiter nisus) — қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Қырғи | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Мекиен
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Accipiter nisus (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Жазда ұялайтын кезінде Жыл бойы Қыста
| ||||||||||||||
Түршелері | ||||||||||||||
A. n. granti |
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/39/Accipiter_nisus_MHNT.jpg/640px-Accipiter_nisus_MHNT.jpg)
Қазақстанда Ертіс өзені бойында, Алтай, Қалба, Солтүстік Тянь-Шань тауларында және Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы қылқан жапырақты және шыршалы ормандарда жиі кездеседі. Шәулісінің қанатының ұзындығы 224, ұябасарыныкі 260 мм, шәулісінің салмағы 150, ал ұябасарыныкі – 300 г-дай. Арқасы көкшіл-сұр түсті, бауырында көлденең орналасқан қоңыр жолақтары бар. Солтүстік аймақтарда жыл құсы, оңтүстікте отырықшы құс.
Наурыз – мамыр айларында ұшып келіп, ағаш басына ұя салады. өяға салған қошқыл дақтары бар ақшыл жұмыртқаларын (3 – 4) ұябасары 35 күндей шайқайды. Шәулісі балапандарын 50 күндей қоректендіреді. Қыркүйек – қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Қырғи ұсақ торғайларды, кемірушілерді аулап қорек етеді. Қолға тез үйренеді. Құсбегілер Қырғиды бөдене аулауға пайдаланған.[2]