Құлақты жапалақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Құлақты жапалақ (лат. Asio otus) – түнде тіршілік етуге бейім жапалақ тәрізділер отрядына жататын Нағыз жапалақтар тұқымдасының Құлақты жапалақтар туысына жататын отырықшы құс.
Құлақты жапалақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Asio otus (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Asio wilsonianus |
Қызылорда облысының тоғайлы, ну шеңгелді, жиделі, сексеуілді аудандарында кездеседі.
Қанатының ұзындығы 276 – 309 мм (аталығында) және 282 – 320 мм (аналығында) болып келеді. Түсі сарғыш қоңыр, арқасында ақ жолақтармен алмасып отыратын сұр көлденең белдеулері бар. Қауырсыны үлпілдек, жұмсақ. Аяқ немесе балақ қауырсындары ұзын, құйрығының түсі қоңыр-қошқыл. Жапалақтың ерекше көзге түсетін белгісі ұзындығы 3 – 7 см болатын құлақ сияқты қауырсындары. Көзінің қарашығы сары немесе қызғылт сары, ал тұмсығы мен тырнақтары істік, өткір, иілген түстері қара болып келеді. Ұяларын қалың, биік сексеуіл мен жиде арасында салады. Онда 2 – 3 балапанын 4 аптада басып шығарады. Жапалақты үлпілдек қауырсындары үшін аулайды. Ол кемірушілер санын азайтып, табиғатқа пайда келтіреді.[2]