Құлдық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Құлдық (ағылш. Slavery) – адамзат тарихындағы қанаудың дөрекі түрі болып, құлдар еңбегіне негізделген қоғамды меңзейді.
Құлдық алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болған. Алғашқыда соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған кедейлер құлға айналдырылды. Соған сәйкес құл саудасы да кең өріс алды.
Ежелгі құлдық қоғамда:
- Құлдардың жекеменшік жері, тұрақты мүлкі болмайды;
- Құл керектіні құл иесінің рұқсатымен ғана пайдаланады;
- Құлда саяси құқық жоқ, басқару істеріне араласа алмайды;
- Құл құл иесін мойындауы керек, оған көнбесе жазаланады.
- Құл өз ойын қалағанынша айта беруіне болмайды.