Құралайдың салқыны
From Wikipedia, the free encyclopedia
Құралай, құралайдың салқыны — Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері; табиғат құбылыстарына байланысты халықтық қағидаларда қалыптасқан амал.
Көбінесе адамға да, малға да жайсыз қара суық, ызғырық жел еседі не жауын-шашынды болады. Осы кезде киік лағы (құралайы) аяқтанады.[1]