Құраңғарлар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Құраңғарлар (Вади) - Араб түбегі мен Солтүстік Африка шөлдеріндегі құрғақ эрозиялық аңғарлар. Көбінесе тік беткейлі болады. Ұзындығы жүздеген км-ге дейін жетеді. Әдетте, күшті нөсер жаңбырдан кейін ғана суға толады. Көбінесе ағынсыз ойыстарға келіп бітеді. Көптеген құраңғарлар қазіргіге қарағанда ылғалды климат жағдайындағы өзендердің көне замандық аңғарлары деп те саналады. Синонимдері: уэд, крик, узбой.[1]