Құрманғазы энциклопедиясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Құрманғазы» — энциклопедиялық жинақ. 1998 ж. Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы шығарған. Бұл күрделі еңбекке қазақ және орыс ғалымдарының ұлы күйші — Құрманғазы Сағырбайұлының күйшілік өнері мен күреске толы өмір жолына арналған зерттеулері, естеліктер мен жаңадан табылған деректер енгізілген. Сонымен қатар өнердегі және әдебиеттегі күйші бейнесін тұлғалайтын қазақ қаламгерлерінің жыр-дастандары мен прозалық туындыларынан үзінділер, оның өнердегі ізбасарлары туралы мақалалар, композитордың 71 күйінің шығу тарихы, нотаға түсірілуі, орындалуы туралы құнды мағлұматтар беретін материалдар топтастырылған. Кітап соңында әдебиеттер тізімі толық келтірілген.[1].