Құтайба ибн Муслим - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Құтайба ибн Муслим.

Құтайба ибн Муслим

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Құтайба ибн Муслим (660-715) — Хорасан өлкесінің билеушісі, әскери қолбасшы. Ол 8 ғасырда қазіргі Шығыс Түркістанды мекендеген халықтар арасына ислам дінін таратушылардың бірі. Оның жорықтары туралы шығыс ғұламасы Мүхаммед Наршаһидің «Бұхара тарихында» толық жазылған. Абай Наршаһидің осы еңбегімен жақсы таныс болған сияқты. Өйткені ақын өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегіңде қазақтардың Алатау бөктеріне қалай келіп қоныстанғанын және олармен туыстас халықтар жайлы айта келіп, «Сол уақыттарда арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұларда мұсылман болдық депті. Сөйтсе де бұрыннан бақсы-балгерге иланып, отқа-шыраққа табынатын әдеттерімен исламға тез түсініп кете алмапты...» деген аса құңды деректер келтіреді. Ақын ислам дінінің зорлықпен енгізіліп, жергілікті халықтардың бұрыннан қалыптасқан сенім-нанымдарын, тұрмыс-салтын өрескел бұзып жібергендігіне мегзейді. Сонымен қатар жаңа діннің артықшылықтарын да қолдайтынын танытады. Ол шаман дінінің халық арасында әлі де сақталып қалған белгілерін атай отырып: «Бұған ұқсаған көп еді, құдайға шүкір, бұл күңде жоғалып бара жатқанға ұқсайды» деп жазады.

Дереккөздер

  • Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас

редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Құтайба ибн Муслим
Listen to this article