Үлкен Орда - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Үлкен Орда.

Үлкен Орда

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлкен Орда, Ұлы Орда — Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекет.


Аумағы алғашында Қара теңіздің Дон мен Днепр аралығындағы жағалауын алып жатты. 14 ғ-дың соңында Әмір Темірдің үш рет (1391, 1394, 1395) соққысына ұшыраған Алтын Орда бірте-бірте ыдырай бастады. 15 ғ-дың 20 — 40-жылдары одан Сібір хандығы, Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы, Қырым хандығы, Қазан хандығы, ал 1450 — 60 ж. Қазақ хандығы, Астрахан хандығы бөлініп шықты. Тоқтамыстың немересі Сейіт Ахмед хан Литваның ұлы князі Свидригайлоның көмегімен Алтын Орда мемлекетін сақтап қалуға тырысты. Оның құрған ұлысы орыс деректерінде Үлкен Орда деп аталды. Үлкен Орда халқы негізінен көшпелі мал ш-н кәсіп етті, жартылай егіншілікпен айналысты. 100 мың сарбазы бар армия ұстап, 15 ғ-дың ортасына қарай Шығыс Еуропадағы аса үлкен саяси күшке айналды. 1455 — 56 ж. қыста Қырым ханы Хажы Гирей Үлкен Ордаға шабуыл жасап, оны Еділ жағалауына көшуге мәжбүр етті. Еділ бойына көшіп келген Үлкен Орда Ахмет ханның тұсында қайтадан күшейді. Ол орыстарды қайтадан тәуелділікке түсіруге ұмтылып, 1471 ж. Литва князьдігімен Мәскеуге қарсы одақ құрды. 1477 ж. Мәскеумен одақтасқан Қырым хандығын талқандады. 1480 ж. қазан айында Мәскеуге шабуыл жасауға Ока өз-нің сағасы Уграға келіп тоқтағанымен, қарашада әскерімен кері қайтты. Осы оқиғадан кейін Мәскеу князьдігі түркі-моңғолдардан біржолата тәуелсіздік алды. Бұған қоса Ахмет хан Польшамен одақ құрып (1472), Түркиямен достық қатынас орнатты (1476). Бірақ 1465 ж. Үлкен Ордадан Астрахан бөлініп, Ахмет ханға қарсы шыққан інісі Махмуд хан тәуелсіз Астрахан хандығын құрды. Өкінішке орай Ахмет ханның мұрагерлері оның ісін жалғастыра алмады. Көп ұзамай, 1486 — 91 ж. Қырым ханы Меңлі Гирей Үлкен Орданы талқандады да, 1502 ж. оны дербестігінен біржола айырды.[1]

Дереккөздер

Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Үлкен Орда
Listen to this article